Ссылки доступа

Қырғызстанда оппозициялық қозғалыс журналист Болат Теміровті қорғауға шақырды 


Болат Теміров 

"Қырғызстанның бірлескен демократиялық қозғалысы" зерттеуші журналист, ютубтағы Temirov LIVE каналының жүргізушісі Болат Теміровке құқық қорғау органдары тарапынан қысым жасалып жатқанын мәлімдеді. 

"Біз Болат Теміровті қорғау арқылы сөз еркіндігі мен еркін ақпарат алу мүмкіндігін қорғап жатырмыз! Болатты қорғау арқылы әрбіріміз коррупцияға қарсы күресеміз!", - делінген мәлімдемеде.

Осыған дейін бірқатар халықаралық құқық қорғау ұйымдары Болат Теміровті қуғындауды тоқтатуға шақырған.

Жыл басынан бері тәуелсіз журналистке төрт бірдей қылмыстық іс қозғалды. Болат Теміровтің зерттеу тобы Қырғызстандағы коррупциялық схемаларды ашып, жариялап келеді. Соңғы рет Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Камчыбек Ташиевтің туыстарының "Қырғызмұнай" мемлекеттік компаниясының өнімін көлеңкелі жолмен экспорттау схемасын жариялаған. Сонымен бірге Камчыбек Ташиевтің балаларының мемлекеттік тендерге қатысып, қомақты сомада ақша алып келгені жайлы да зерттеген. Осыдан кейін журналистке есірткіні заңсыз сақтады, шекарадан заңсыз өтті деген айыптар тағылып, бірден іс қозғалды.

XS
SM
MD
LG