Ссылки доступа

Тәжікстанмен шекарада атыс кезінде жараланған қырғыз сарбазы жансақтау бөлімінде жатыр 


Қырғыз-тәжік шекарасында 3 маусымда болған атыс кезінде жараланған екі қырғызстандық шекарашының бірі әлі жансақтау бөлімінде жатыр. 

Осылай деп Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі хабарлады.

Жараланғандар Бішкектегі Ұлттық госпитальға жеткізілген.

2001 жылы туған сержант Б. Суйунбек уулуның бас-сүйек миына зақым келген, омыртқасы сынған.

2000 жылы туған ефрейтор З. Жалиловтың миына зақым келген, кеудесі, мойны, сол жақ иығы жараланған, отадан кейін жансақтау бөлімінде жатыр.

3 маусымда қырғыз-тәжік шекарасында тағы атыс болды. Қақтығысқа екі жақтың шекарашылары қатысқан.

Тәжікстан тарабы жанжалдың себебі жайында әлі пікір білдірген емес. Тәжік басылымдарының жазуынша, атыс кезінде бір тәжік шекарашы қайтыс болған.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының арасы 970 шақырым. Оның 519 шақырымы белгіленген. Қалған белгіленбеген жер үшін екі елдің осы маңдағы тұрғындары арасында дау жиі туындайды.

XS
SM
MD
LG