Ссылки доступа

Тәжікстанның медиа ұйымдары журналистерге қол көтергендерді жазалауды талап етеді


Муллораджаб Юсуфзода, Анушервон Арипов және Далери Имомали
Муллораджаб Юсуфзода, Анушервон Арипов және Далери Имомали

Тәжікстанның он бір медиа ұйымы Азаттықтың тәжік қызметінің (Озоди радиосы) журналисі Муллораджаб Юсуфзода мен белгілі блогер Далери Имомалиге қол көтергендерді жазалауды талап етеді.

Бұл мәлімдеме журналист әрі блогер Далери Имомалидің тергеуге шақырылып, құқық қорғаушылардың қол көтергені жайлы оқиғадан кейін жарияланып отыр. Осының алдында 17 мамырда белгісіз біреулер Муллораджаб Юсуфзоданы ұрып кеткен.

Медиа ұйым өкілдері мәлімдемесінде Таулы Бадахшандағы оқиғаға байланысты журналистерге қысым көрсетіліп жатқаны айтылған. Бұл оқиғаны көрсетуге тырысқан журналистер тергеуге шақырылған. Олардың арасында Озоди радиосы және "Настоящее Время" журналисі Муллораджаб Юсуфзода да бар.

XS
SM
MD
LG