“Ресей Қырғызстан азаматтарының басты еңбек нарығы болып қалды. Мәліметтерге қарағанда, 700 мыңнан астам азамат Ресейде еңбек миграциясында жүр. Еңбек министрлігінің еңбекпен қамту орталығы Ресейдің жиырмадан астам кәсіпорынымен келісімге отырды", - дейді министр.
Базарбаевтың айтуынша, көші-қон орталығы азаматтардың Ресей аумағында жұмысқа тұру үшін қажет болатын құжаттарды жинауға да көмектеседі. Енді дактилоскопия, медицина анықтамасы секілді құжаттарды Ресейде емес, Қырғызстанда жасатуға болады.
Ресейдегі "Миграция орталығы" басшылығы маусым-шілде айларында Қырғызстанға келеді деп жоспарланған. Орталықтың Бішкектегі өкілдігін ашу мәселесі сол уақытта түптілікті шешіледі.