Ссылки доступа

Тәжікстан мен Қытай арасындағы тікелей рейстер қайта ашылады


23 маусымнан бастап Тәжікстан мен Қытай арасындағы тікелей рейстер қайта ашылады. Душанбе-Үрімжі-Душанбе рейсін China Southern Airlines әуе компаниясы орындайды.

Қытай Халық Республикасының Душанбедегі елшілігі Тәжікстан азаматтарының Қытайға кіру тәртібі туралы ақпарат жариялады. Ережеге сәйкес, Қытайға ұшқысы келетін тәжікстандықтар COVID-19 бар-жоғын тексеріп, вакцина салдырғаны жөнінде куәлік алып жүруі тиіс. Қытай жолаушының коронавирус тестін ұшудан бір күн бұрын жасатуын талап етіп отыр.

Елшілік жариялаған мәліметте "Диамед" диагностика орталығында дайындалған тест нәтижесі ғана қабылданатынын ескертті. Бұған қоса, вакцина жөніндегі куәлікке де "Диамед" мөрі басылуы тиіс.

Тәжікстан мен Қытай арасындағы әуе рейстері 2020 жылғы сәуірде коронавирус індеті кезінде уақытша тоқтады.

XS
SM
MD
LG