Ссылки доступа

Тәжікстанда Озоди журналистеріне жасалған шабуыл бойынша іс қозғалды 


Тәжікстанның ішкі істер министрлігі (ІІМ) Озоди радиосы мен "Настоящее Время" телеканалының тілшілеріне шабуыл жасау фактісі бойынша "Тонау"бабымен қылмыстық іс қозғады. Бұл жөнінде Адам құқықтарын қорғау жөніндегі тәуелсіз орталық мәлімдеді.

Озоди радиосы мен "Настоящее Время" телеканалының журналистері Анушервон Арипов, Насим Исамов, Муллоражаб Юсуфзодф және Барот Юсуфи 17 мамырда бадахшандық белсенді Ульфатхоним Мамадшоевадан сұқбат алғаннан кейін шабуылға тап болған.

Азаматтық киімдегі адамдар журналистерді күштеп көлікке отырғызып, олардың қызметтік техникаларын және телефондарын тартып алған. Сол күні билік Мамадшоеваны Хорогтағы тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп айыптап, оған қарсы "Конституциялық құрылымды күшпен құлатуға ашық шақырды" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

28 мамырда белгісіз адам көшеде Муллоражаб Юсуфзодамен кездесіп, егер журналистер милицияға жазған арызын қайтарып алса, қызметтік техникалар мен телефондарын қайтарып беретінін, отбасы мүшелеріне және өздеріне қауіп болмайтынын жеткізген.

Осыған дейін халықаралық ұйымдар Озоди радиосы мен "Настоящее Время" телеканалы тілшілеріне шабуыл жасауды айыптаған.

20 мамырда Журналистерді қорғау комитеті (Committee to Protect Journalists) Тәжікстан билігін БАҚ өкілдеріне шабуыл жасағандарды анықтау, әділ жазасын беруге шақырған.

XS
SM
MD
LG