Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 8 маусымда Сұрқандария облысында ауыз су сапасын арттыру жөніндегі жобаны таныстыру барысында мәлімдеді.
2017 жылы президент жарлығымен "Өзбекгидроэнергия" акционерлік қоғамы құрылды. Былтыр тағы төрт су қоймасы осы компанияның басқаруына өтті. Мамандар олардың әрқайсының мүмкіндігін тексерді.
Мемлекет басшысы су қоймаларын жаңарту арқылы оның қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды.
Бұған қоса, Гиссарак және Ахангаран су қоймаларында екі шағын су электр станциясы салынатыны мәлім болды. Құрылысқа жекеменшік сектор өкілдері де тартылады.