Ссылки доступа

Қырғызстанда бір оқушы аквапаркта қайтыс болған соң бірнеше мұғалім жұмыстан шығарылды


"Ала-Тоо" аквапаркіндегі қайғылы оқиғаны зерттеу жөніндегі арнайы комиссия жұмысын аяқтады.

Бішкек қаласы әкімдігінің хабарлауынша, қайтыс болған бала оқыған мектеп директорының орынбасары мен алты мұғалім жұмыстан шығарылды.

Бұған қоса, комиссия мектеп директорына тәртіп шарасын қолдануға кеңес берді.

Комиссия мәліметінше, аквапаркта демалыс күнін осы мектептің 13 сыныбының жетекшілері ұйымдастырған. "Алайда мектеп әкімшілігі мен балалар ісі жөніндегі инспекция қызметкерлеріне хабар берілмеген", - делінген комиссия қорытындысында. Құжатта оқушылар мен олардың ата-аналарына қауіпсіздік техникасы туралы дәріс оқылмағаны да айтылған.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, сол күні аквапаркке осы мектептің 232 оқушысы, тоғыз мұғалімі және тоғыз ата-ана барған.

№95 мектептің үшінші сынып оқушысы "Ала-Тоо" аквапаркінде қайтыс болғаны 6 маусымда хабарланды. Милиция осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.

XS
SM
MD
LG