Ссылки доступа

Украинада тағы бір тәжікстандық қаза болды 


Украинада орыс армиясының қатарында қызмет етіп жүрген тағы бір тәжік азаматы қаза тапты. 22 жастағы Сулаймонхуджа Набиев Исфара қаласында туып өскен. Туыстары 8 маусымда оның денесін Ростов облысындағы мәйітханадан алып кеткен.

Сулаймонхуджа Набиевтің қайтыс болғаны жөніндегі хабарды екі күн бұрын ғана жеткізген.

"Сулаймонхуджа 2017 жылдан бері Ресейде жұмыс істеп жүрген. Екі ай бұрын ол орыс азаматтығын алған. Санкт-Петербургте тіркелген. Сол жақтан оны армияға шақырыпты. Менің білуімше, ол осыған дейін Шешенстанда әскери бөлімшеде қызмет етті. Оны Украинаға соғысқа қашан жіберді, бізге белгісіз болып тұр", - дейді оның туысы Меродж Солиев.

Украин ақпарат құралдарында тараған мәліметке сәйкес, қазір орыс армиясының құрамында 6 мың орталықазиялық соғысып жүр. Оның ішінде нақты қанша тәжікстандық бар, белгісіз.

XS
SM
MD
LG