Ссылки доступа

Душанбе төңірегіндегі махаллалардағы үйлер сүріліп жатыр


В махалле Сугдиён

Тәжікстан астанасына жақын Айни жамағатындағы бірнеше махалланың тұрғындары жекеменшік үйлердің сүрілуіне қарсы шықты.

Тұрғындар бұл үйлерді бірнеше жыл бұрын жергілікті әкімшілік рұқсатымен салғанын, енді үйсіз қалғанын мәлімдеп отыр. Шенеуніктер болса сүрілген үйлер кезінде заңсыз тұрғызылған, мұндағы жерлер жайылымға қарайды деп отыр.

Сугдиен махалласының тұрғыны Фотима Акбарова үйін жеті жыл бұрын тұрғызған. Сол кезде жергілікті билік бұл жерлер құрылысқа арналған деген.

"Енді жерлердің жайылымға арналғаны мәлім болды. Адам еңбегі ескерілмейді. Үйді қиратты. Соны кезінде неге айтпаған? Біз банктен несие алдық, үй салдық, бірақ бізді ешкім тыңдағысы келмейді", - дейді үйсіз қалған әйел.

Тұрғындардың айтуынша, үйлерді жергілікті билік құқық қорғау органдарының өкілдерінің көмегімен сүрген. Бұл махаллада жиырма шақты үй қиратылған.

Жамағат төрағасының орынбасары Шамсулло Нозимовтың Озоди радиосына хабарлауынша, бұл жерлер кооператив қожайынына қарайды. "Жер Кәрім Шәріпов атындағы кооператив шаруашылыққа тиесілі. Жайылым жерлер. Заңсыз тұрғызылған үйлер Бас прокуратура нұсқауымен сүрілді. Ол 44 үйге қатысты шешім шығарды", - дейді шенеунік.

XS
SM
MD
LG