Ссылки доступа

Аквапаркте баланың өліміне байланысты құтқарушы ұсталды  


Ала-Тоо аквапаркі 

Қырғызстанда "Ала-Тоо" аквапаркіндегі баланың өліміне байланысты бас прокуратура қылмыстық іс қозғады.  

Мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай, іс Қылмыстық кодекстің "Абайсыздан өлімге алып келу" және "Тұтунушыларға қауіп әкелу" баптары бойынша іс қозғалып, аквапарк құтқарушысы уақытша қамауға алынған.

6 маусымда Бішкекте "Ала-Тоо" аквапаркінде №95 мектептің үшінші сынып оқушысы суға батып, қаза тапқан. Баланың анасы ол жаққа оқушыларды мектеп ұйымдастырып алып барғанын, аквапарк қызметкерлері және екі ата-ана бақылап тұрады деп уәде бергенін айтқан.

Оқиғаны зерттеу үшін қаланың білім басқармасында арнайы комиссия құрылып, мектептегі бірнеше мұғалім қызметінен алынған. Комиссия сол күні аквапаркке 13 сынаптан 232 оқушы, тоғыз мұғалім және тоғыз ата-ана барғанын анықтаған.

XS
SM
MD
LG