Ссылки доступа

Назарбаев Мәскеуге тағы да барып, Путинді "Ресей күнімен" құттықтады


Бывший президент Казахстана Нурсултан Назарбаев (слева) и президент России Владимир Путин

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, "Ресей күнімен" құттықтады. Бұл жөнінде Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев ресми түрде Ресейге соңғы рет Қаңтар оқиғасынан бұрын, 2021 жылы желтоқсанда барған.

"Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бір-біріне мықты денсаулық және амандық тілеп, арадағы достық байланыс алдағы уақытта да Қазақстан мен Ресей халықтарының игілігі үшін жалғасын табады деген сенім білдірді", - дейді Назарбаевтың баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қазақстанның "Ресей күнімен" құттықтағаны Ақорда сайтында жарияланбаған.

Сарапшылар пікірінше, Назарбаев пен Путин Қазақстанның бұрынғы президентінің мемлекет басқару ісіне ықпалы әлсіреген тұста кездесіп отыр. Өткен аптадағы референдумнан кейін күшіне енген өзгерістерден соң конституциядан Қазақстанның тұңғыш президентін еске салатын баптар жойылған. Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазір ел басшылығы Нұрсұлтан Назарбаевпен "ақылдаспайтынын" мәлімдеген.

Осы аптада Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге барады деген ақпарат тараған. Ақорданың хабарына қарағанда, Тоқаевты Путин 17 маусымда 25-рет өтетін Петербург халықаралық экономикалық форумына шақырған.

Нұрсұлтан Назарбаев ресми түрде Ресейге соңғы рет Қаңтар оқиғасынан бұрын, 2021 жылы желтоқсанда барған. Санкт-Петербургте өтетін Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдері басшыларының бейресми саммитіне Назарбаевты Путин шақырған. Қаңтар оқиғасынан соң өзінің зейнеткер екенін мәлімдеп, көпшілік алдына шығуды сиреткен.

XS
SM
MD
LG