Ссылки доступа

Өзбек базарларында жеміс-жидек тапшы


Биыл Өзбекстандағы базарларда жеміс-жидек тапшы екені байқалды. Былтырғы бағамен салыстырсақ, биыл шие, алма, өрік пен шабдалы екі есе қымбаттаған.

Жергілікті тұтынушылар Өзбекстанда өсетін жеміс-жидек пен көкөністің қымбат сатылуын экспорттаушылардан көріп отыр.

– Қара шиенің бір келісі 40 мың сумнан басталады (3,6 доллар). Базарда өрік аз. Шабдалы да қат. Экспоттаушылар жеміс-жидекті көтерме бағамен сатып алып, оны шетелге жібереді, бізге шірігені ғана қалады. Оның өзі қымбат, – дейді Акмал есімді тұрғын.

Мамандардың бірқатары биыл жеміс-жидек ауа райының суық болғандықтан аз болды деп есептейді. Өзбекстанда наурыздың аяғы мен сәуірдің басында үсік жүрген.

Өзбекстанның шаруа базарларында соңғы екі аптада пияз, картоп, қияр мен қызанақ 25 пайызға қымбаттады.

Бұл уақытта, Өзбекстан мемлекеттік статистика жөніндегі комитеті биыл жеміс-жидек экспорты екі пайызға артқанын хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, 2022 жылғы төрт айда Өзбекстан 200 миллион доллардың жеміс-жидегін шетелге сатқан. Республикада жылда шамамен 20 миллион тона жеміс-жидек өсіріледі, оның шамамен 1 миллион тоннасы экспортталады.

XS
SM
MD
LG