Ссылки доступа

Өзбекстанда бес адам неміс кәсіпкерін өлтіргені үшін сотталды


Германияның 47 жастағы азаматы Абдулвахаб Каюмиді өлтіруге қатысы бар бес адам сотталды. Ауған тумасы Самарқанд облысы Жамбай аданында кәсіппен айналысқан.

Sevimli телеарнасының хабарлауынша, марқұмның жесірі Незахат Каюуми сотқа қатысу үшін Германиядан келді. Ол Өзбекстан күйеуінің екінші отанына айналғанын айтты. Ол әйелін осы елге көшуге үгіттеген. "Кәсіппен айналыса бастағалы бері Германияға көп келмейтін болды", - дейді ол.

Телеарна мәліметінше, ауданның бес тұрғыны Каюми жалға алған үйге маскамен кірген. Олар үйдегі жарықты, бақылау камерасын сөндіріп, неміс азаматына шабуылдаған. Айыпталушылар ағашпен, темірмен кәсіпкерді сабаған, оның аяқ-қолын сындырған. Жәбірленуші ауруханада жан тапсырды.

Таксиші болып істейтін айыпталушылардың бірі кәсіпкердің үйінен аудан жастарын улаған есірткіні ұрлағымыз келді деп ақталуға тырысқан.

Енді бір айыпталушы неміс азаматының үйіне электр желісін жөндеу үшін шақырылған. Сол кезде ол кәсіпкердің ақшасы бар екенін байқаған, ұрлық жасау үшін тағы төрт адам шақырған. Алайда олар үйден ақша таппаған.

Жамбай ауданының соты қылмыстық топ басшысын 19 жылға, оның үш сыбайласын 16−18 жылға соттады. Қылмыскерлерді кәсіпкер үйіне дейін жеткізген таксиші 13 жыл түрмеде отырады.

XS
SM
MD
LG