Ссылки доступа

Тоқаев валюта мен алтынды шетелге шығаруға салған тыйымын өзгертті


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚР қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету туралы" жарлығына өзгеріс енгізді.

Соған сәйкес, Ұлттық банк пен оның құрылымдары Қазақстаннан 10 мың доллардан асатын қолма-қол шетел валютасын елден шығаруға мүмкіндік береді.

Президент 2022 жылғы 14 наурызда шығарған жарлығын өзгертті. Енді шетел валютасын ғана емес, 5, 10, 20, 50 и 100 грамм тазартылған алтын құймаларын, Altyn Barys және Kumys Barys инвестиция монеталарын сыртқы шығаруға болады.

Қазақстаннан шетел валютасы мен алтын шығаруға тыйым салатын жарлық 2022 жылғы наурызда, Ресей Украинада соғыс ашқан соң қабылданған. Құжат 10 мың доллардан асатын қолма-қол шетел валютасын сыртқы шығаруға тыйым салды. Ұлттық банк қаржы мекемесінің қорын сақтау мақсатында осындай шешім қабылданды деп мәлімдеді.

Наурыздың басында елдегі коммерциялық банктердің кейбірі доллар депозиттеріне шектеу қойғаны мәлім болды. Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы валюта айырбастау пунктерінде қолма-қол доллар табылмады.

XS
SM
MD
LG