Ссылки доступа

Қырғызстанда Өзбекстанға баратын үшінші жерасты жолы табылды 


Қырғызстанның Ош облысы Қарасу қаласы тұрғынының үйінде Өзбекстанға баратын жерасты жолы табылған. Бұл жөнінде Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. 

Мекеме мәліметінше, үй иесі әзірге белгісіз бірнеше адамдармен бірігіп 2021 жылдың қыркүйек айында көрші елге тауар және шетел валютасын жеткізіп отыру үшін жерасты жолын қазған.

Күдікті кінәсін мойындап, тергеу ісіне көмектесетінін білдірген.

Бұл соңғы айда Ош облысынан Өзбекстанға баратын жерасты жолы анықталған үшінші оқиға.

XS
SM
MD
LG