Ссылки доступа

Ресейдегі қырғыз мигранттары енді чат-боттың көмегімен кеңес ала алады 


Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі мигранттарға консулдық мәселе бойынша ақпараттық кеңес беру чат-ботын ашты.

Телеграм каналы арқылы ашылған чатта мигранттар қырғыз және орыс тілінде кез-келген сұрақтарына жауап ала алады.

Ресми мәлімет бойынша Ресейде бір миллионнан астам қырғыз мигранты бар. Осыған дейін мигранттар кеңес алу үшін консулдыққа немесе ақылы агенттік қызметіне жүгінетін.

Мыңнан астам қырғыз азаматы Ресей абақтыларында жазасын өтеп жатыр. Олардың 30% заңсыз есірткі тасымалы үшін айыпталған.

XS
SM
MD
LG