Ссылки доступа

Қазақстаннан 51 өзбек және тәжік азаматы депортацияланды 


Отырар ауданына заңсыз келген 51 шетел азаматы анықталды деп хабарлайды Түркістан облысының полиция департаменті.  

Олардың бәрі Қарақоңыр ауданы маңынан сасыр шөбін терумен айналысқан. Тексеру барысында 31-і Өзбекстан, 17-сі Тәжікстан азаматы болып шыққан.

Шетел азаматтарына қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот шешіміне сәйкес, еліне депортацияланған.

XS
SM
MD
LG