Ссылки доступа

Футбол: Қырғызстан Тәжікстан кездесуі 0:0 есебімен аяқталды  


Футбол бойынша Азия кубогына іріктеу ойындарында Қырғызстан мен Тәжікстанның ұлттық командаларының кездесуі 0:0 есебінде тең аяқталды. Ойын 14 маусымда Бішкекте өтті.

Осыған дейін Қырғызстан Сингапурды 2:1, Мьянманы 2:0 есебімен ұтқан. Тәжікстан Мьянманы 4:0, Сингапурды 1:0 есебімен жеңген. 14 маусымда Сингапур Мьянманы 6:2 есебінде жеңді. 3-тур қорытындысы бойынша Тәжікстан мен Қырғызстан жеті ұпайдан жинап, Азия кубогына жолдама алды.

Қырғызстанның футболдан құрама командасы 2023 жылы Қытайда өтетін Азия кубогының финалына жолдама алғаны 14 маусымда белгілі болды.

Футбол бойынша Азия кубогының соңғы іріктеу ойындары алты топта өтіп жатыр. Жарыс қорытындысы бойынша топтың алты лидері және екінші орындағы бес мықты команда финалға шығады.

13 команданың тізімі былтыр таңдау ойындарының екінші кезеңінде белгілі болған. Олар - Жапония, Сирия, Катар, Оңтүстік Корея, Австралия, Иран, Сауд Арабиясы, БАӘ, Қытай, Ирак, Оман, Вьетнам және Ливан.

Азия кубогыАзиядағы футбол бойынша ұлттық құрама командалардың басты жарысы. Ол 1956 жылдан бері төрт жылда бір рет өткізіліп тұрады. Жарыс әлем чемпионатынан бір жылдан кейін өтеді.

XS
SM
MD
LG