Ссылки доступа

Азия кубогы: Өзбекстан-Жапония матчы көрерменсіз өтеді


Азия футбол конфедерациясы Өзбекстанның жастар құрамасын жазалады. Өзбек жанкүйерлері Иракқа қарсы ойында алаңға тас лақтырған. Сол себепті Өзбекстан құрамасының Азия кубогының жартылай финалында Жапонияға қарсы матчы көрерменсіз өтеді, ал футбол қауымдастығы айыппұл төлейді.

Азия футбол конфедерациясының тәртіп комитеті (AFC) Азия кубогының ширек финалында Өзбекстан мен Ирак құрамалары арасындағы матчта болған оқиғаға қатысты шешім шығарды.

AFC мәліметінше, төреші өзбек құрамасының қақпашысы Әбдувахид Нематовты алаңнан шығарған соң, Ташкенттегі "Пахтакор" стадиондағы жанкүйерлер алаңға тас және басқа да заттар лақтырған. Сол себепті ойын бірнеше минутқа тоқтаған.

Тәртіп комитетінің шешімімен, Әбдувахид Нематов үш матч ойнамайды, 500 доллар айыппұл төлейді.

Бұған қоса, Өзбекстан олимпиада құрамасы жартылай финалда Жапонияға қарсы матчты 15 маусымда Ташкенттегі "Бунёдкор" стадионында жанкүйерсіз өткізеді, соныме бірге 50 мың доллар айыппұл төлейді.

Стадион жабық болғанына қарамастан, 500-ге жуық жапон жанкүйері ойынға кіруге рұқсат алды.

11 маусымда Өзбекстан жастар құрамасы Ирак командасын матч аяғындағы пенальтиде жеңді — 2:2 (3:2).

Жанкүйерлер лақтырған тас фотограф пен операторға тиген. Ташкент полициясы 47 адамды ұстады. 19 жанкүйер әкімшілік жауапқа тартылды, қалғандарының ісіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG