Ссылки доступа

Қырғызстанда Тәжікстан ІІМ қызметкері есірткі тасыды деген күдікпен ұсталды (видео)


Қырғызстан ішкі істер министрлігі Есірткі саудасымен күрес жөніндегі қызметі есірткі тасумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Күдіктілердің арасында Тәжікстан ішкі істер министрлігінің бір қызметкері бар.

Қырғыз ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "ауған есірткісіз Тәжікстаннан Қырғызстанға, одан әрі қарай Қазақстанға өткізумен айналысқан трансұлттық топты әшкерелеу арнайы операциясы" бір жылға созылған.

"Қылмыстық ұйым әрқайсының өз міндеті бар бірнеше топтан тұрған. Есірткі тасушылар қылмысты жасыру жолдарын жақсы меңгерген, арнайы дайындықтан өткен", - делінген хабарламада.

Тәжік, қырғыз және қазақ қылмыстық топтарының мүшелері ұсталып, қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. Қылмыстық ұйымды 62 жастағы тәжік азаматы О.А. басқарған. Бұл ұйымға тәжік милициясының аға сержанты, Тәжікстан ІІМ инспекторы қызметін атқарған милицияның аға сержанты И.М. мүше болған. Басқа да күдіктілер туралы мәлімет жоқ.

Олар Бішкек қаласындағы тереу изоляторында қамауда отырғаны мәлім. Күдіктілерді ұстау кезінде 11 кг апын және 22 кг анаша тәркіленген.

XS
SM
MD
LG