Құжат қаржы пирамидаларын құрғандарға жазаны қатайтуды, олардың қызметін жарнамалағандарға қылмыстық жауапкершілік енгізуді қарастырады.
"Заң жобасының басты мақсаты - қаржы пирамидасын құрушыларға жазағаны қатайту, сонымен бірге оны жарнамалағандарды қылмыстық жауапқа тартуды енгізу арқылы азаматтардың құқықтарын қорғау механизмін жетілдіру", - дейді депутат Юрий Ли.
Vlast басылымының мәліметінше, жаңа заң жобасы негізінде елдің Қылмыстық кодексіне 217-бап енгізіледі. Бұл бап айыппұл салудан басталып, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қолдануды қарастырады.
Қазақстан қаржы мониторингі жөніндегі агенттігінің мәліметінше, биыл 17 мыңнан астам қазақстандық қаржы пирамидаларына шамамен 27 миллиард теңге салған.