Ссылки доступа

КҚК қазақ мұнайын жөнелтуді тағы тоқтатты


Каспий құбыры консорциумы (КҚК) Қазақстаннан экспортталатын мұнайды жөнелтуді тағы тоқтатып қойды.

15 маусымда КҚК теңіз терминалы акваториясын қауіп туғызуы мүмкін заттардан тасалау жұмыстары басталады, деп хабарлады Inbusiness.kz ақпарат агенттігі.

Мәліметтерге қарағанда, жоспардағы алдын ала жөндеу жұмыстары кезінде арнайы тазалағыш құрылғылар теңіз түбіне дейін жетеді.

Сол себепті 15-25 маусым аралығында КҚК қазақ мұнайын бір ғана жағалаудан жөнелтеді.

Биыл наурыз айында Новороссийск түбіндегі портта КҚК-дағы жөнелту құрылғыларының екеуі істен шыққан. Каспий құбыры консорциумы жөнелтетін мұнайдың шамамен 90 пайызы Қазақстаннан келеді. "Теңіз", "Қашаған" және "Қарашығанақ" мұнайы осы консорциум арқылы шетелге тасылады.

Мамырдың аяғында Қазақстан үкіметі КҚК-де мұнай жөнелту жұмыстары толық атқарыла бастағанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG