Ссылки доступа

Өзбекстандағы зауыттардың бірінде жарылыс болып, бір адам зардап шекті


Өзбекстандағы Алмалық қаласында орналасқан Maxam Uzbekistan зауытының бір цехында жарылыс болды. Цех ғимараты қирады, жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекті.

Оқиға 15 маусымда сағат 17:55-те болған. Maxam Uzbekistan бірлескен кәсіпорыны Ташкент облысы Алмалық қаласындағы "Аммофос-Максам" кәсіпорыны аумағында орналасқан. Жарылыс өңдеу технологиясындағы ақаудан болған.

Өзбекстан төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің хабарлауынша, по цех ғимараты қираған. Жарылыс болған уақытта цех маңында жүрген жүк көлігінің жүргізушісі жарақат алған. Қазір ол ауруханада жатыр, дәрігерлер науқастың жағдайын қанаттанарлық деп бағалады.

Жарылыстан ешкім қаза болған жоқ, деп хабарлады министрлік. Өрт салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG