Ссылки доступа

Абдуләзіз Камилов өзбек президентінің сыртқы саясаттағы арнайы өкілі болып тағайындалды


Өзбекстан қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Абдуләзіз Камилов президенттің сыртқы саясат мәселелері жөніндегі арнайы өкілі қызметіне тағайындалды.

Жарлыққа Шавкат Мирзияев қол қойды, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Еске салайық, биыл 17 наурызда елдің сыртқы істер министрі қызметіндегі Абдуләзіз Камилов Украина аумағының тұтастығын қолдайтынын мәлімдеген. Бір айдан соң оны министр қызметінен алды.

27 сәуірде Камилов Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Өзбекстан сыртқы істер министрі қызметіне Владимир Норов келді.

Абдуләзіз Камилов сыртқы істер министрі қызметін 10 жыл атқарған.

XS
SM
MD
LG