Ссылки доступа

Қамаудағы тәжік блогерлері Далери Имомәли мен Абдулло Гурбатиге айып тағылды


Абдулло Гурбати ва Далери Имомали

Тәжік блогерлері Далери Имомәли мен Абдулло Гурбатиді милиция қызметкерлері ұстады.

Далери Имомәлидің үстінен "заңсыз кәсіпкерлік" және "қасақана жалған мәлімет тарату" баптары негізінде қылмыстық іс қозғалды. Журналист Абдулло Гурбатиге "билік өкіліне күш көрсетті" деген айып тағылды.

Блогерлер Душанбедегі тергеу изоляторына қамалды.

Далери Имомәли мен Абдулло Гурбатиді 15 маусымда астанадағы Шохмансұр ауданының прокуратурасына жеткізген, сол күні кешке оларды ұстаған. Адвокат Әбдірахмон Шәріповтің хабарлауынша, Далери Имомәли тергеуде Ютубтегі арнасындағы видеоларды жойғанын, жасағанын ісіне өкінетінін айтқан. Заңсыз кәсіпкерлік айыбы туралы Имомәли Журналистер одағының мүшесі екенін, бірақ соңғы жылдары блогерлікпен шұғылданғанын, содан азғантай пайда тапқанын, бірақ салық төлеу керектігін білмегенін мойындаған.

Адвокаттың хабарлауынша, Абдулло Гурбати тергеу барысында өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, милиция қызметкерімен жанжалдасу ойында болмағанын айтқан.

"Абдулло Гурбатитің айтуынша, оны тергеуден соң босатқан, бірақ бөлімнен шығып келе жатқанда оны милиция қызметкері тоқтатып, ғимаратқа қайта алып кірген", - дейді Шарипов.

Еске салайық, блогер, актер әрі режиссер Далери Имомәли Тәжікстандағы өзекті мәселелер туралы тікелей эфирлер жүргізген, репортаждар түсірген. Ол 4 маусымда құқық қорғау органдарының қызметкерлері бес сағат бойы тергегенін хабарлаған. Далери Имомәли тергеушілер оған қол көтергенін де айтқан..

Далери Имомәли мен Абдулло Гурбати соңғы кездері Тәжікстандағы түрлі мемлекеттік органдар туралы сыни репортаждар дайындаған. Олар түсірген видеоны көрушілер көп. Шенеуніктердің бірқатарының Далери Имомәли репортаждарына шағымы оларды ұстауға себеп болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG