Ссылки доступа

Өзбекстанда түлектерді ЖОО-ға онлайн қабылдау 20 маусымда басталады


Өзбекстанда мектеп түлектерін мемлекеттік жоғары оқу орындарына (ЖОО) онлайн тіркеу жыл сайын 20 маусымнан 20 шілдеге дейін жүреді. Тиісті жарлыққа ел президенті Шавкат Мирзияев қол қойды. 

Жарлыққа сәйкес, түлектерді тіркеу Интерактивті мемлекеттік қызметтердің біріңғай порталы және Өзбекстанның Мемлекеттік тестілеу орталығының сайты арқылы жүргізіледі.

2022-2023 оқу жылына белгіленген квотаға сәйкес, Өзбекстандағы жоғары оқу орындарына 110 707 түлек бакалаврға, 10 688 студент магистратураға қабылданады.

XS
SM
MD
LG