Ссылки доступа

Тәжік арнайы қызметінің басшысын сынаған зейнеткер ұсталды


Фото с странички Мамадсултона Мавлоназарова (Мухаммади Султона) в фейсбуке
Фото с странички Мамадсултона Мавлоназарова (Мухаммади Султона) в фейсбуке

Душанбеде Тәжікстан қауіпсіздік органдарының 72 жастағы бұрынғы қызметкері Мамадсұлтон Мавлоназаров (Мұхаммади Сұлтон) ұсталды. Туыстарының айтуынша, милиция қызметкерлері оны 16 маусымда үйінде ұстаған. Мавлоназаровтың қайда отырғаны және оны ұстау себебі әзірге белгісіз.

Душанбе қаласының милициясы мен астаналық прокуратура зейнеткердің ұсталғаны туралы мәлімет беруден бас тартты. Мамадсұлтон Мавлоназаров әлуметтік желілерде тәжік билігінің әрекеттерін үнемі сынап келген. Зейнеткер Таулы Бадахшан автономиялы облысында мамырдағы оқиғалар туралы да сыни пікір жазған. Жақында ол фейсбуктегі парағында милиция қызметкерлері ұстап әкетуге талпынғаны туралы баяндаған.

"Оған аяқ киім киюге де мұрсат бермеді, жалаңаяқ адамды күшпен машинаға отырғызып, белгісіз жаққа алып кетті. Қазір оның қайда екенін біз айта алмаймыз", - дейді Мавланазаровтың туыстарының бірі.

Мамадсұлтон Мавлоназаров 70-жылдары "Комсомоли Точикистон" газетінде тілші болып істеген, кейін Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмысқа тұрған.

Қазір ол зейнет демалысында. Мавлоназаров фейсбукте Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің қазіргі төрағасы Саймүмін Ягимовты да сынаған.

XS
SM
MD
LG