Ссылки доступа

Әзербайжан президенті келесі аптада Өзбекстанға келеді


Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 21-22 маусымда ресми сапармен Өзбекстанда болады.

Келесі аптаның басында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Өзбекстанға ресми сапармен келеді.

Сапар қарсаңында екі елдің үкіметтері өзбек журналистерін Әзербайжанға сапар ұйымдастырып, оның мәдениеті мен дәстүрін таныстырды.

Журналистер Әзербайжан туризм жөніндегі мемлекеттік агенттігі төрағасының орынбасары Фаик Гүлиевпен кездесті. Ол журналистерге келесі аптаның басында Ильхам Әлиев Өзбекстанға ресми сапармен баратынын айтты.

Мамыр айының ортасында Ильхам Әлиев Өзбекстан делегациясын қабылдаған. Сол кезде Өзбекстан Олий Мәжіліс спикері Нүрдинжон Исмоилов оған өзбек президенті Шавкат Мирзияевтің Өзбекстанға шақыртуын табыстаған.

XS
SM
MD
LG