Ссылки доступа

Түркімен билігі тұрғындарға астанадан рұқсатсыз шығуға мұрсат берді


Енді Ашғабат тұрғындарына аймаққа шығу үшін түркімен көші-қон қызметінен арнайы рұқсат алу қажет болмайды. Бұл туралы "Хроника Туркменистана" басылымы хабарлады.

Мәліметке қарағанда, аймақ тұрғындары астанаға келу үшін әлі де рұқсат алып жүр. Пойызбен немесе ұшақпен сапарлаған азаматтар COVID-19-бен ауырмайтынын дәлелдейтін құжат көрсетуі тиіс.

Түркімен азаматтары астанаға өлім-жітімге, емделуге, жұмыс бабымен немесе оқуға ғана кіре алады.

Бұның алдында Түркіменстан Өзбекстаннан тауар тасуға рұқсат бергені мәлім болды.

XS
SM
MD
LG