Ссылки доступа

Ұлттық банк қаржы мекемелеріне ресейлік рубльді сыртқа шығаруға рұқсат берді (видео)


Нацбанк Казахстана разрешил банкам вывозить российские рубли из страны
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:13 0:00

Бұған қоса, қазақстандық банктер ресейлік валютаны банк есебі мен депозитке қабылдағаны үшін комиссия енгізе бастады. Әр банктің бағасы әртүрлы: ең жоғарғы комиссияны "ЦентрКредит" банкі белгіледі – 20%. Қаржы ұйымдары мұндай шешімді санкциялармен түсіндіреді.

Қазақстан Ұлттық банкі ресейлік рубьден арылу процесін бастап кетті: 15 шілдеден бастап екінші деңгейлі банктерге ресейлік валютаны республикадан шығаруға рұқсат береді. Мұндай шешімнің рубльге ғана қатысы бар, 10 мың доллардан асатын басқа да валютаны сыртқа шығаруға болмайды. Қаулы жобасында рубль нарық сұранысынан асып кеткені ашық айтылған.

Ресей – Қазақстанның басты сауда әріптесі. Былтыр республика Ресейден 18,5 млрд долларға тауар алған, сауда операцияларының 63 пайызы рубльмен жасалған. Алайда, Мәскеу санкция қысымына түскен соң, ресейлік импорт үлесі әжептәуір азайды, екі ел арасындағы сауда айналымы кезінде рубль қажет болмай қалды.

Қазақстандық банктердің ресейлік валютаны банк есебі мен депозитке қабылдауына комиссия енгізуінен-ақ рубль көбейіп кеткенін аңғаруға болады.

Ресей Украина аумағына басып кірген соң Мәскеуге қарсы санкциялар күшейіп, рубль еркін конвертацияланатын валюта болудан қалды, дегенмен оның бағамы әжептәуір нығайып алды. Алайда сарапшылардың дені қазір рубль бағамы нығаю шегіне жеткенін, одан соң құны түсе бастайтынын айтып отыр.

XS
SM
MD
LG