Ссылки доступа

Тәжікстанда журналист Абдулло Гурбати екі айға қамалды  


Абдулло Гурбати

Тәжікстанда журналист әрі блогер Абдулло Гурбати 18 маусымда екі айға қамалды. Бұл туралы адвокаты Абдурахмон Шарипов хабарлады.

Адвокатының сөзінше, Гурбати сот процесі кезінде кінәсін мойнына алмаған. Құқық қорғау органдары журналисті "қызметкерлердің біріне қол көтерді" деп айыптап жатыр.
Абдулло Гурбати мен Далер Имомалиге қатысты сот 18 маусымда өткен. Бірақ БАҚ өкілдері мен туыстары қатыстырылмады.

Екі журналист те 15 маусымда ұсталған.

Халықаралық "Шекарасыз тілшілер" ұйымы (Reporters Without Borders) тәжік журналистерінің қамалғанын айыптап, тез арада босатуды талап еткен. Аталған ұйымның 17 маусымда таратқан мәлімдемесінде, журналистердің кәсіби қызметіне байланысты қуғындалып жатқаны, бұл Тәжікстанның және халықаралық заңдарды бұзу болып есептелетіні айтылған.

XS
SM
MD
LG