Ссылки доступа

Қырғызстан еліне тапсырған екі тәжік тұтқынының жазасы жеңілдеуі мүмкін


Тәжікстан Бас прокуратурасы Абдурозик Абдукаххоров пен Асқар Юнусовке қатысы әлі шешім шығарған жоқ. Бұл азаматтар Қырғызстанда "Бейбітшілікке қарсы қылмыс", "Қарақшылық" баптары бойынша сотталған.

Озоди радиосының дереккөздерге сілтемей жасай отырып хабарлауынша, Бас прокуратура оларға қатысты шешімін жақында шығаруы тиіс. Заңгер Жамшед Ёров "бұл екеуінің жазасы жеңілдеуі мүмкін" екенін айтты.

Озоди радиосы "Тәжікстан президенті, сотталғандардың туыстарының үндеуіне сүйеніп, оларға рақымшылық беруі мүмкін" деп болжайды.

Абдурозик Абдукаххоровтың әйелі Наргис Жабборова 16 маусымда күйеуімен Худжанд қаласындағы тергеу изоляторында кездескен. "Тиісті органдардың жұмысына қарамастан, олардың жазасын жеңілдетіп, кейін Тәжікстанға жіберетініне сенбеген едік. Енді олардың ісін әділ шешеді деп үміттеніп отырмыз", - дейді ол. Қазір сотталғандардың туыстары құжат жинап жүр.

Еске салайық, Озоди радиосының Соғды облысының прокуратурасындағы дереккөздері Абдурозик Абдукаххоров пен Асқар Юнусовты 7 маусымда елге жеткізгенін хабарлаған.

Қырғызстанның ресми органдары бұған қатысты мәлімет бермеді.

Тәжік азаматтарын Лейлек ауданының соты "Бейбітшілікке қарсы қылмыс", "Қарақшылық" баптары бойынша кінәлі деп танып, екеуін де өмірлік түрме жазасына кескен. Бірақ 2021 жылғы желтоқсанда Баткен облысының соты жазаны жеңілдетіп, өмірлік жазаны 20 жылға ауыстырды.

Озоди радиосының мәліметінше, Абдурозик Абдукаххоров пен Асқар Юнусов Тәжікстан азаматтары, бірақ қырғыздың шекарада орналасқан Борбордук ауылында тұрады. Оларды былтыр көктемде Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекарада болған қарулы жанжалдан соң ұстаған.

XS
SM
MD
LG