Ссылки доступа

Қырғызстанда Оңтүстік Кореяға жұмысқа баратын мигранттар іріктеліп жатыр


Қырғызстандағы Талас облысының тұрғындары орталық іріктеу бағдарламасы арқылы Оңтүстік Кореяға жұмысқа барады.

Еңбек министрлігіне қарасты Азаматтарды шетелге жұмысқа орналастыру орталығының хабарлауынша, Оңтүстік Кореяның Кочанг ауданының басшылығымен мигрант жіберу жөнінде келісім жасалған. Құжатқа сәйкес, биыл Талас облысының 50 тұрғыны ауыл шаруашылығында жұмыс істеуге қысқа мерзімдік (бес айға дейін) жұмысқа орналасады, келесі жылы квота 300 адамға дейін көбейеді.

Іріктеуде Талас облысының әкімдігі жүргізеді. Іріктеу шарттарын да сол анықтайды.

Еске салайық, Оңтүстік Корея жыл басында Қырғызстан азаматтарын жұмысқа алуды қайта жалғастырды. Шектеу 2020 жылғы наурызда коронавирус індетіне байланысты енгізілген. Соңғы 15 жылда 3500 қырғызстандық Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрған.

Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстанның 1 млн 118 мың азаматы шетелде жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG