Ссылки доступа

Әзербайжан президенті Өзбекстанға келді


Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 21 маусымда мемлекеттік сапармен Ташкентке келді. Әлиевті Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев шақырған.

Лауазымы жоғары қонақты Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Әріпов және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Сапар аясындағы басты шаралар сейсенбі күні өтеді. Жоғары деңдейдегі келіссөздерде өзбек-әзербайжан қарым-қатынасын дамыта түсу мәселелері талқыланады. Саммит қорытындысында екіжақты бірнеше құжатқа қол қойылады. Олар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, энергетика, ғылым мен инновация, туризм және басқа да салаларды қамтиды.

Сәрсенбі күні Әзербайжан басшысы Хиуа қаласының тарихи ескерткіштерімен танысады.

XS
SM
MD
LG