Ссылки доступа

Белсенді Мелис Аспеков сот залында аштық жариялайтынын мәлімдеді 


Бішкек қалалық сотында ісі қаралып жатқан белсенді Мелис Аспеков 21 маусымда аштық жариялайтынын мәлімдеді. 

Ол сульяға көңілі толмайтынын айтып, ауыстыруын талап еткен. Аспековтің адвокаты әзірге бұл жайында пікір білдірмеді.

Биыл Бішкектегі Бірінші май аудандық соты Мелис Аспековті "бопсалау" және "алаяқтық" баптары бойынша айыпты деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырған. Сонымен бірге сот жәбірленгендер пайдасына деп 23 млн сом айыппұл салған.

Сот отырысы кезінде Мелис Аспеков президент сайлауы кезінде қазіргі мемлекет басшысы Садыр Жапаров экс-президент Сооронбай Жээнбековтен 10 млн доллар ақша алғанын, оның бір млн долларын Шу облысына жүргізген үгіт-насихатқа жұмсағанын айтқан.

Ал президент Садыр Жапаров Азаттық радиосына берген сұқбатында Сооронбай Жээнбековтен ешқандай ақша алмағанын айтқан.

2020 жылы болған Қазан оқиғасы кезінде және одан кейін де Мелис Аспеков Садыр Жапаровтың жақтасы болып келген.

2021 жылдың қаңтар айында ол ұсталған. Тергеу мәліметінше, ол "Қырғыз темір жолы" компаниясының басшыларынан 250 мың доллар талап еткен.

XS
SM
MD
LG