Ссылки доступа

HRW Душанбеден блогерлерді босатып, журналистерге қысым көрсетпеуді талап етті


Абдулло Гурбати и Далери Имомали
Абдулло Гурбати и Далери Имомали

Human Rights Watch (HRW) үкіметтік емес ұйымы тәжік билігінен қамаудағы блогерлер Далери Имомәли мен Абдулло Гурбатиді "тез арада" босатуды талап етті.

HRW екі тәжік журналисі кәсіби қызметін атқарғаны үшін ұсталды деп мәлімдеді. Ұйым тәжік билігінен БАҚ пен журналистерге қысым көрсетуді доғаруын сұрады.

HRW ұйымының Орталық Азия жөніндегі зерттеушісі Сыйнат Сұлтанәлиева "мемлекеттік органдарды сынау қылмыс емес, сол себепті блогерлер тез арада бостандыққа шығып, оларға тағылған айыптар жойылуы тиіс" дейді. Тәжік билігі әзірге HRW мәлімдемесіне жауап берген жоқ.

Далери Имомәли мен Абдулло Гурбатиді 15 маусымда астанадағы Шохмансұр ауданының прокуратурасы ұстады. Далери Имомәлиге заңсыз кәсіппкен айналысты, жалған ақпаратты әдейі таратты, Тәжікстанда тыйым салынған ұйымдарды қолдады деген айыптар тағылған. Абдулло Гурбати милиция қызметкеріне күш көрсетті деген айыппен ұсталған. Далери тағылған айыптарды жартылай мойындаса, Абдулло айыптаулардың бәрін жоққа шығарып отыр.

HRW соңғы уақытта Тәжікстанда журналистерді қудалау күшейгеніне алаңдайды. Атап айтқанда, мамыр айында тәжік билігі блогер Хушом Гулом мен журналист Ульфатхоним Мамадшоева ұсталды, деп хабарлады HRW. Екеуі де Таулы Бадахшан автономиялы облысында туған. Билік осы өңірде мамырдағы көтерілісті күшпен басты.

Адам құқықтарын қорғайтын ұйымдар Тәжікстан билігін үнемі сынайды. Бірақ биліктің ресми өкілдері олардың сынын жоққа шығарып, республикада адам құқықтары мен сөз бостандығы қорғалады деумен келеді.

XS
SM
MD
LG