Ссылки доступа

Түркіменстанда көлік жүргізетін әйелдерге қарсы тағы рейд басталды 


Ашғабад 

Түркіменстанның Балқан облысындағы Түркіменбашы қаласында көлік жүргізетін әйелдерге қарсы бақылау күшейді. Жол полициясының қызметкерлері көлік айдаған әйелдерді тоқтатып, түрлі сылтаумен, куәліктерін алып, көліктерін айып жайына қойып жатыр.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көлік айдаған әйелдерге қарсы рейд бір аптадан бері жүріп жатыр.

"Түрлі сылтаумен көлік жүргізген әйелдерді тоқтатып, жүргізу куәлігін алып қойып жатыр", – дейді жергілікті әйелдердің бірі.

Оның айтуынша, көлік жүргізетін әйелдердің көбі наразы болып, Түркіменбашы қалалық әкімдігіне барған.

"Бірақ әкімдік өкілдері керісінше бізді айыптап, "әйелдерге көлік жүргізу не керек? Үйде отырып, бала тәрбиелеңдер. Ойын-сауық құрғанды білесіңдер. Жас жігіттерге көз салғаннан ұялмайсыңдар ма?" деп әйелдерді әкімдіктен қуып шықты", - дейді ол.

Түркіменстан Конституциясының 29-бабына сәйкес, елде әйелдер мен ер азаматтар бірдей құқыққа ие. Онда "Жынысына қарап тең құқықты бұзғандар, заңда қаралған нормалармен жауапкершілікке тартылады" деп жазылған.

Түркіменстанда биыл наурызда бұрынғы президенттің ұлы Сердар Бердімұхамедов билікке келісімен, әйелдер құқығы шектеліп жатыр.

XS
SM
MD
LG