Ссылки доступа

Қырғыз парламенті казино ашуға рұқсат беретін заң жобасын қабылдады 


Жогорку Кеңеш 22 маусымдағы отырысында Қырғызстанда шетелдіктер үшін казинолордың жұмыс істеуіне рұқсат беретін заң жобасын қабылдады. Бірақ құжатты қабылдар алдында талас-тартыс болып, "Бүтін Қырғызстан" фракциясы депутаттары дауыс беруден бас тартып, бөгет қойды.

Регламентке сәйкес, заң жобасын қабылдау үшін тіркеуден өткен барлық депутаттар дауыс беруі тиіс. Депутаттар талас-тартыс кезінде Конституцияға сүйеніп, көпшілік дауысымен заң жобасын қабылдауды ұсынды.

Заң жобасы екінші оқылымда бес рет дауысқа салынып, соңында 58 депутат мақұлдап, тоғызы қарсы болды. Бес депутат қалыс қалды.

Қырғызстанда бірқатар наразылықтан соң он жыл бұрын құмар ойындарға тыйым салынған. 2015 жылы тотализатор мен букмекерлер жұмысы тоқтаған. Бірақ ойынханалар құпия түрде жұмыс істеп келе жатқандығы жөнінде мәліметтер айтылып келеді.

XS
SM
MD
LG