Ссылки доступа

Тәжікстанда жоғалған офицердің денесі Ауғанстан шекарасы маңында табылды 


Сангали Камолов
Сангали Камолов

Бір ай бұрын Хорогқа бара жатқан жолда із-түссіз жоғалып кеткен Тәжікстан ІІМ Арнайы бағыттағы милиция күштерінің (ОМОН)  жүргізушісі Сангали Камоловтың денесі табылып, жерленді. Бұл туралы оның туыстары айтты.

Марқұмның ағасы Шухрат Камоловтың сөзінше, інісінің денесі 12 маусымда Пянж дариясының Ауғанстан шекарасына жақын жерінде табылған.

Камоловтың туыстары ол 20 мамырда ОМОН қызметкерлерімен Таулы Бадахшан автоном облысына кетіп, содан бері одан мүлдем хабарсыз екенін мәлімдеген. Ол бір жыл бұрын бұл мекемеге жүргізуші болып жұмысқа орналасқан.

23 мамырда Озоди радиосы құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сүйеніп, "Рушан ауданына жақын жерде ОМОН-ның жеті жауынгері із-түссіз жоғалғанын" хабарлаған.

Таулы Бадахшанда жағдай биыл мамыр айында ушыққан. 14 мамырда Хорог қаласының жүздеген тұрғыны көшеге шығып, Душанбе тағайындаған автоном облысы басшысын және қала әкімінің қызметтен кетуін, қаланың орталық бөлігіндегі бөгеттерді алып тастауды және Бадахшан тұрғындарын қуғындауды тоқтатуды талап еткен.

Көп ұзамай тәжік билігі аймақта "антитеррорлық операция" бастағанын, оның нәтижесі бойынша, "сегіз содырдың көзін жойғанын, 11-і жараланғанын" мәлімдеген. Бұдан бөлек 100-ден астам адамның қамалғанын айтқан. Жергілікті тұрғындар қаза тапқандар саны одан да көп дейді.

XS
SM
MD
LG