Бұл туралы 21 маусымда Ресей ішкі істер министрі Владимир Колокольцев мәлімдеді, деп хабарлады РИА "Новости".
"Операция барысында есірткі дайындайтын сегіз астыртын зертхана жойылды", — дейді министр.
Бірлескен операция жарты жылға созылған. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейде өткізілген операция барысында 20-дан астам адам ұсталды. Тергеу жүріп жатыр.