Ссылки доступа

Қамаудағы тәжік блогерлерін туыстарымен кездестірмеді


Таджикские блогеры Абдулло Гурбати (слева) и Далери Имомали

Тәжік блогерлері Далери Имомәли мен Абдулло Гурбати ұсталғалы бері біп апта өтті, алайда билік оларды туыстары мен жақындарымен кездесуге рұқсат бермей отыр.

Имомәли мен Гурбатидің туыстары күнде Душанбедегі тергеу изоляторы алдына жиналады. Билік блогерлердің ұсталуына қатысты мәлімет бергісі жоқ. Заңгерлер оларды туыстарымен кездестірмеу заңға қайшы деп есептейді.

"Біз олардың жағдайы қалай екенін біле алмай жүрміз. Оларды азаптап жатқан жоқ па? Олармен бірнеше минутқа болса да кездестіруді сұрадық. Тергеуші ертең келіңдер деп уәде берумен жүр, алайда изолятор рұқсат берер емес. Тергеу олардың жағдайы жақсы дейді. Олай болса неге бізбен кездестірмейді?" - деп алаңдайды Далери Имомәлидің туыстарының бірі.

Далери Имомәли мен Абдулло Гурбатиді 15 маусымда астанадағы Шохмансұр ауданының прокуратурасы ұстады. Далери Имомәлиге заңсыз кәсіппкен айналысты, жалған ақпаратты әдейі таратты, Тәжікстанда тыйым салынған ұйымдарды қолдады деген айыптар тағылған. Абдулло Гурбати милиция қызметкеріне күш көрсетті деген айыппен ұсталған. Далери тағылған айыптарды жартылай мойындаса, Абдулло айыптаулардың бәрін жоққа шығарып отыр.

21 маусымда Human Rights Watch (HRW) үкіметтік емес ұйымы тәжік билігінен қамаудағы блогерлер Далери Имомәли мен Абдулло Гурбатиді "тез арада" босатуды талап етті.

XS
SM
MD
LG