Ссылки доступа

Тәжікстан бала зорлағандарға қылмыстық жазаны күшейтеді


Архивное фото

Тәжікстан парламенті төменгі палатасының депутаттары кәмелет жасқа толмағандарға зорлық көрсету қылмысы үшін жазаны күшейтететін заң жобасын мақұлдады.

Енді Тәжікстанда педофилдер 25 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. Бұған дейін жас балаларды зорлағандар жеті жылдан 20 жылға дейін түрме жазасына кесілетін.

Парламент депутаттары осы тақырыпқа қатысты пікір айтудан бас тартты.

Заңгер Дилшод Жураевтың Озоди радиосына түсіндіруінше, қылмыстың осы түрін жасағандар бала білімі мен тәрбиесіне қатысты мекемелерде жұмыс істеу құқығынан айрылады. "Түрмеден шыққан соң оларға педагог, балаларды әлеуметтік қорғау, бала спорты мен өнері, кәмелет жасқа толмағандарға медициналық қызмет мекелерінде жұмыс істеуге тыйым салынады", - дейді заңгер.

Балаларға зорлық көрсеткендерге қылмыстық жазаны күшейту туралы талап Тәжікстанда бұрыннан бері айтылып келеді.

Ресми мәліметке қарағанда, 2019-2021 жылдары бала зорлау қылмысы 45 мәрте тіркелген. Тәжікстанда қылмыстың мұндай түрі көп айтыла бермейді, жәбірленушінің туыстары оны жасыруға тырысады, дейді жергілікті сарапшылар.

XS
SM
MD
LG