Ссылки доступа

Түркиядағы түрімендер экс-президент Гурбангұлы Бердымұхамедовті сотқа берді


Түркияны паналаған түркімен азаматтары бұрынғы президент Гурбангұлы Бердымұхамедов пен тағы бірнеше шенеунікті сотқа берді. Арызданушылар экс-президент пен шенеуніктерді адам құқықтарын өрескел бұзды деп айыптады.

Түркімен азаматтары тобының түрік адвокаты Гүлден Сонмездің хабарлауынша, арыз 21 маусымда Стамбұл сотына тапсырылды.

Шағымда Бердымұхамедовпен бірге Түркіменстан сыртқы істер министрі Рашид Мередов пен ішкі істер министрі Мұхаммед Хыдыров есімі аталды.

Адвокат Сонмездің мәлімдеуінше, түркімен азаматтарының тобы шенеуніктерді адам құқықтарын өрескел бұзды, соның ішінде "қамауда азаптады, сотсыз өлім жазасына кесті, заңсыз ұстады" деп айыптап отыр.

"Біз арызға Түркіменстан түрмелерінде қайтыс болғандардың, түркімен үкіметінің қудалауына ұшырағандардың көптеген суретін, құжаттары мен аты-жөнін қостық. Бұған қоса, арызда Түркияда тұрып жатқан азааттардың Түркіменстан консулдықтарынан неке туралы куәлік, туу туралы куәлік және төлқұжат ала алмай жүргені айтылды", - дейді адвокат.

XS
SM
MD
LG