Бірнеше апта бұрын өзбек мигранттары Бахора мен оның үш жастағы інісі Әбубәкірді Мәскеу облысы Раменск ауданындағы кафелердің бірінде тапты. Балаларды кафеге анасы тастап кеткен. Белсенділер Бахора мен Әбубәкірдің әкесін іздеп тапты.
57 жастағы өзбек азаматы Собиржон Усмановтың айтуынша, оның әйелі балаларды тастап, үйден кетіп қалған.
– Ол балаларды маған емес, кафеде тастап кеткен. Жолда кетіп бара жатып: "Балаларды алып кет!" - деп айтады. Бұрын мен сол кафеде істегенмін. Жұмысым аяқталғанша, балаларға бір әйел қарап отырды. Шаштаразбын. Үй сатып алуға ақша жинау үшін Мәскеуге келдім. Былтыр отбасымда осында көшірдім. Әйелім үйде балалармен отырды. Енді отбасымның шырқы бұзылды, - дейді Собиржон Усманов.
Бахора мен Әбубәкірдің әкесі балаларды өзі асырап жүр. Оларды Өзбекстанға қайтарайын десе, балалардың құжаты жоқ. "Әйелім неке куәлігі мен балалардың туу туралы куәлігін біреуге берген. Кепілге тастаса керек...", - дейді екі баланың әкесі.
Бахора анасын күтіп жүр. "Анашым, қайтып келіп, әкеммен татулас", дегім келеді. Әкем анамды мен үшін кешіруге дайын. Өйткені ол мені туды, тәрбиеледі, өзі аш қалса да, бізді тамақтандырды...", - дейді тоғыз жастағы қыз.