Ссылки доступа

Тәжікстан Ұлттық бірлік күнінің 25 жылдығын атап өтіп жатыр


Тәжікстан елде бейбітшілік пен келісім орнаған күннің 25 жылдығын атап өтіп жатыр. Республикада Ұлттық бірлік күнін 27 маусымға белгіленген.

Тәжікстанда 1992-1997 жылдардағы азамат соғысы елдің дамуын ондаған жылға шегерді. Бейбітшілік орнағаннан кейін ғана республика дами бастады.

Ұлттық бірлік күні елде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Бірнеше жыл бұрын азамат соғысының ондаған мың құрбанына арналған мұражай ашу туралы бастама көтерілген. Алайда бастамашыл топ пен тарихшылар "Соғыс құрбандарының ақ кітабын" немесе Ұлт құрбандары тізімін дайындай алмады. Мамандар Тәжікстанда қанды қырғын қайталана ма деп қауіптенеді.

Құрбандар мұражайын құруға үлес қосу мақсатында Азаттық радиосының Тәжік қызметі азаматтық соғыста қаза тапқан жүздеген адамның тізімін дайындады. Бұл тізім редакцияға 1992 және 1994 жылдары жолданған, бірақ алғаш рет жарияланып отыр. Азаматтық соғыс құрбандарының бұл тізімін сол кездегі аудан басшылары жинастырған.

XS
SM
MD
LG