Ссылки доступа

Қырғыз үкіметі жүзден астам жедел жәрдем көлігін сатып алады


Жогорку Кенеш депутаттары 27 маусымда Еуразиялық даму банкінің 3 млн доллар грант бөлу жөніндегі келісімін талқылады.

Қырғызстан денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы Жарқынбек Қасымбековтің хабарлауынша, грант қаражатына 70 санитар көлігі және 40 реанимобиль сатып алынады.

"Денсаулық сақта саласының материалдық-техникалық базасының ескіруіне байланысты халыққа сапалы қызмет көрсете алмай отырмыз. 1 млн долларға 70 санитар көлігі алынады. Мұндай көліктің әрқайсы 14 мың 285 доллар тұрады. Бізге жол таңдамайтын көліктер керек, өйткені кейбір аудандарға жету қиын. Қалған 2 млн долларға 40 реанимобиль алынады. Олардың әрқайсы шамамен 40 мың доллар тұрады", - дейді министр қызметін атқарушы.

Оның айтуынша, бұрын Бішкектегі 500-600 мың адамға 60 жедел жәрде бригадасы қызмет еткен. Қазір астана халқы өсті, алайда оларға 45-50 бригада ғана қызмет көрсетіп жүр.

2020 жылы Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем көліктері жетпейтінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG