Бірнеше сағат тергеуден кейін туыстарын босатқан. Бірнеше күн бұрын Памирде тұратын ағасы мен жеңгесі де тергеуге шақырылған.
Анора Саркорованың өзі қазір Еуропада тұрады. Таулы-Бадахшанның тумасы. 2018 жылға дейін BBC-дің Тәжікстандағы тілшісі болып істеген.
Соңғы кезде әлеуметтік желіде Таулы Бадахшандағы оқиғаны ашық жазып жүрген журналистердің бірі. Ол билік әдеттегідей туыстарға қысым көрсету арқылы журналистердің аузын жаппақ дейді.
"Билік туыстарға қысым көрсету, азаптау түрін пайдаланып жатыр. Осылай мойныңа түрлі қылмыстар іліп қояды", - дейді Анора Саркорова.
Ол Фейсбук парақшасына "елде болып жатқан жағдайды айтпай, үндемей отыру үшін, билік менің үстімнен де іс қозғауы мүмкін" екенін ескерткен.