Ссылки доступа

Қырғыз үкіметі Қытай -Қырғызстан-Өзбекстан темір жол құрылысы жүретін аумақты белгіледі 


Қырғызстанның көлік және коммуникация министрі Еркінбек Осоев үкімет отырысы кезінде Қытай- Қырғызстан-Өзбекстан темір жол құрылысына байланысты ақпаратты ұсынды.  

Бұл жөнінде үкімет үйінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол халықаралық темір жол құрылысы жобасы Қырғызстан бойынша Торугарт – Макмал – Жалал-Абад елді мекендері арқылы өтетінін айтты. Толық нұсқасы желтоқсанда аяқталады деді.

Үкімет басшысы Ақылбек Жапаров мұны "өте маңызды жоба" деп атап өтіп, тиісті мекемелер белгіленген мерзімге дейін барлық дайындық жұмысын бастауы керек деді.

Қырғыз президенті Садыр Жапаров осыған дейін Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан темір жол құрылысының жобасы келесі жылы басталып, үш-төрт жылға созылатынын мәлімдеген.

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияев та бұл жобаның құрылысын бастауға дайын екенін жеткізген.

XS
SM
MD
LG