Ссылки доступа

Қамаудағы тәжік журналисі Далери Имомәлиге әйелімен кездесуге рұқсат берді


Танымал тәжік блогері әрі журналисі Далери Имомәли туыстарымен кездесуге рұқсат алды.

Блогерді 15 маусымда астанадағы Шохмансұр ауданының прокуратурасы заңсыз кәсіп жүргізді, әдейі жалған мәлімет таратты, Тәжікстанда тыйым салынған ұйымдарды қолдады деген айыппен ұстады.

Далери Имомәлидің туыстарының Озоди радиосына хабарлауынша, 25 маусымда блогердің әйелі Душанбедегі тергеу изоляторында отырған күйеуімен кездесті. Жүздесу бар болғаны 10-15 минутқа созылды. Журналистің туыстары Далердің жағдай жақсы дегенді ғана айта алды.

Бұл уақытта, тергеушілер Далери Имомәлимен бірге репортаж жасаған Абдулло Гурбатидің туыстарын онымен кездесуге рұқсат бермей отыр. Гурбатиге милиция қызметкеріне күш көрсетті деп айыптады. Бірақ күдікті тағылған айыпты жоққа шығарды.

Екі журналистің қамауға түскеніне екі апта өтсе де билік бұған қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Далери Имомәли ісіне құпия белгісі қойылған. Сол себепті оның адвокаты істің мән-жайын айта алмайды.

Халықаралық ұйымдар Далери Имомәли мен Абдулло Гурбатиді тез арада босатуын тәжік билігінен талап етіп отыр.

XS
SM
MD
LG